Үндістанда қазақ күресінен әлем чемпионаты өткелі жатыр

351

Екі күнге созылатын байрақты бәсекеде қатысушылар 16 салмақ дәрежесінде бақ сынайды.

Үндістанда қазақ күресінен әлем чемпионаты өткелі жатыр Фото: olympic.kz

25 ақпан күні Үндістада қазақ күресінен ересектер арасындағы әлем чемпионаты басталады.

Бұл туралы Qazaq kuresi ассоциациясы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.        

Дели қаласында өтетін дүбірлі додаға қатысу үшін әлемнің 20-ға жуық мемлекетінен 200-ге тарта балуан өтініш берген.

Олардың арасында Әзербайжан, Аргентина, Бразилия, Эстония, Грузия, Нидерландия, Иран, Италия, Жапония, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Мексика, Польша, Моңғолия, Сербия, Тәжікстан және Өзбекстан мемлекеттерінің спортшылары бар.

Екі жылдықтың басты додасында ел намысын қорғайтын ұлттық құрама командасының сапында Бекжан Төлепов, Жұмажан Қожамбеков, Мұзаппаров Ерсұлтан, Нұрдәулет Жарылғапов, Сарипова Зарина, Нұрмахамметова Рауза және Нысантайқызы Роза сынды үздіктер бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу