Аустралиядағы жарыста Қазақстан құрамасы жартылай финалға шықты

1007

Аустралияның Перт қаласында Қазақстан құрамасы United Cup турнирінің ширек финалында өткен жылғы чемпион Германиямен бетпе-бет келді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Аустралиядағы жарыста Қазақстан құрамасы жартылай финалға шықты Фото: ҚТФ

Алғашқы ойында әлемнің 6-ракеткасы Елена Рыбакина дүниежүзілік рейтингіде 80-орында тұрған Лаура Зигемундпен сынға түсті.

Бірінші партияда есеп 3:2 болған мезетте Рыбакина брейк жасай білді – 4:2. Сет біткенше сол басымдылығынан айырылған жоқ – 6:3.

Екінші сетте қазақстандық теннисші тағы да алға кетті – 2:1. Тағы бір брейк – 4:1. Сосын матчты тағы бір брейкпен түйіндеді – 6:1.

Бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында Рыбакина 6 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың төртеуін мүлт жібермеді. Зигемунд 2 брейк-пойнтты пайдалана алған жоқ.

Осылайша, Елена Рыбакина Қазақстанды алға шығарды – 1:0.

Айта кетейік, Аустралиядағы турнирде Қазақстан құрамасы былтырғы жылдың жеңімпазы Германиядан 2:0 есебімен басым түсті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу