Универсиадада хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы бесінші орын алды

212

Италияның Турин қаласында өтіп жатқан қысқы Универсиадада шайбалы хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Чехияны жеңіп, жалпы есепте бесінші орынға тұрақтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Универсиадада хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы бесінші орын алды   Фото: icehockey.kz

Қазақстандық хоккейшілер қарсыласынан 5:2 есебімен басым түсті.

Ел құрамасынан Олег Бойко (22-минут), Бейбарыс Оразов (31-минут), Денис Чапоров (44-минут) ижәне Семен Симонов (54, 55-минуттарда) мергендік танытты. Оған қарсыластар тарапынан Джошуа-Джеймс Маха (27-минут) және Йозеф Хасман (33-минут) екі голмен жауап қайырды.

Отандастарымыз А тобында сынға түсті. Қарсыластары Канада, Чехия, Оңтүстік Корея және Швеция.

Алдымен Швецияны 9:2, Оңтүстік Кореяны 7:1 есебімен жеңіп, одан кейін Канадаға 3:4, Чехияға 1:3 есебімен жол берді. Өз тобында жеті ұпаймен үшінші орынға тұрақтады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу