Отандастарымыз ширек финалда Словакиямен кездесті. Бұл ойында қазақстандықтар басты фаворит саналған. Дегенмен қарсыласына 1:2 есебімен есе жіберді. Ел құрамасынан жалғыз голды Ян Тютюньков (34-минут) соқты.
Қазақстандық хоккейшілер А тобында сынға түсті. Қарсыластары - Канада, Чехия, Оңтүстік Корея және Швеция.
Алдымен Швецияны 9:2, Оңтүстік Кореяны 7:1 есебімен жеңіп, одан кейін Канадаға 3:4, Чехияға 1:3 есебімен жол берді. Өз тобында 7 ұпаймен үшінші орынға тұрақтады.
Енді хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы 5-орын үшін бүгін, 20 қаңтарда Чехиямен шеберлік байқасады.