ҰОК басшысы қазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады

1298

Ұлттық Олимпиадалық комитет Президенті Тимур Құлыбаев барша халықты мерекемен құттықтады.

 ҰОК басшысы қазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады

7 мамыр күні Қазақстан халқы Отан қорғаушылар күнін атап өтеді. Осыған орай, Ұлттық Олимпиадалық комитет президенті Тимур Құлыбаев барша халықты мерекемен құттықтады деп хабарлайды Olympic.kz. 

" Құрметті қазақстандықтар!

Ұлттық Олимпиадалық комитеті сіздерді Отан қорғаушылар күнімен құттықтайды! Біздің біраз олимпиадашылар Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің қатарында еліміздің бейбітшілігі мен тәуелсіздігін күзетеді. Үздіксіз жаттығу жасап, шеберлігін шыңдау барысында қазіргі Қарулы күштер қызметінің беделін көтеріп келеді. Еліміздің барлық Отан қорғаушыларына өз міндетін мінсіз орындап, елімізде бейбітшілік пен келісімнің сақталуын тілеймін!

ҰОК Президенті Тимур Құлыбаев"

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу