Геннадий Головкин Әлия Юсуповамен кездесті

341

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин Қазақстан гимнастика федерациясының басшысы Әлия Юсуповамен кездесті.

Геннадий Головкин Әлия Юсуповамен кездесті Фото: ҰОК

Тараптар елдегі гимнастиканы дамыту мәселелерін, оның ішінде жаңа олимпиадалық циклға дайындық пен 2024 жылдан бастап гимнастиканың барлық түрлерінде күшіне енген халықаралық ережелердегі өзгерістерді талқылады.

Кездесуде әсіресе төрешілердің біліктілігін арттыруға ерекше назар аударылды. Айта кетейік, ҰОК қолдауымен Олимпиадалық ынтымақтастық бағдарламасы аясында қазақстандық төрешілерге арналған жаңа жарыс регламенттері бойынша оқыту ұйымдастырылды.

Бұл олардың кәсіби деңгейін едәуір арттыруға мүмкіндік берді. Сондай-ақ бұл ұлттық құрама спортшыларының нәтижесіне оң әсер етеді. Сонымен қатар мамандар гимнасттардың жарыс бағдарламаларын жетілдіруге көмектеседі.

Кездесу барысында Геннадий Головкин мен Әлия Юсупова халықаралық байланыстарды нығайту мәселесін де талқылады.

Айта кетейік, Қазақстан өкілдері Халықаралық гимнастика федерациясы кеңесіне және көркем гимнастика бойынша техникалық комитет құрамына сайланған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу