Урош Радакович "Астана" футболшысы атанды

1889

Сербия жастар құрамасының экс-қорғаушысы Урош Радакович "Астана" футбол клубымен еңбек келісімшартына қол қойды.

Урош Радакович "Астана" футболшысы атанды

Урош Қазақстанның алты дүркін чемпиондары сапына чехиялық "Спартадан" жыл соңына дейін жалға алу келісімі негізінде ауысты. 
Радакович кәсіби мансабын "Пролетер" (Сербия) командасы сапында бастап, одан кейін Италияға аттанып, ол жақта "Болония" мен "Новара" клубтарының намысын қорғаған. 2015 жылы чехиялық "Сигма" қатарын толықтырып, ол жақта 3 жыл өнер көрсетіп, артынша "Спартаға" ауысты. 
Урош прагалық клуб сапында 34 ойын өткізіп, еурокубоктік кездесулер аясында екі гол соқты. 

26 жастағы қорғаушы өткен маусымды Ресей Премьер-Лигасының өкілі "Оренбург" сапында жалда өткізді. Радакович Сербияның барлық жасөспірімдер және жастар құрамаларында ойнаған. Ол  енді "Астана" сапында төртінші нөмірмен өнер көрсететін болады.

Алты айға жалға алу мерзімі аяқталған соң Радаковичті "Астананың" "Спартадан" сатып алуға құқығы бар. Ал сербиялық қорғаушы мен "Спарта" арасындағы келісім-шарт мерзімі 2021 жылдың шілде айында аяқталады.

Сонымен қатар таяуда қазақстандық басқа да футбол клубтары шет елдік ойыншылармен толыққан болатын. Қостанайлық "Тобыл" 4-тамыз күні франциялық жартылай қорғаушы Жереми Манзорромен келісім-шарт жасады.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу