US Open: Анна Данилина аралас сында ширек финалға шықты

348

Өткен жылы Данилина – Хелиоваара осы жарыста жеңімпаз атанған болатын.

US Open: Анна Данилина аралас сында ширек финалға шықты Фото: ҚТФ

Қазақстандық теннисші Анна Данилина аралас сында АҚШ ашық чемпионатының ширек финалына өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

А.Данилина финляндиялық Харри Хелиоваарамен бірге екінші айналымда испаниялық Кристина Буча – бельгиялық Йоран Флигеннің мысын басты.

Бірінші партияда испаниялық-бельгиялық жұп сәтті ойнады – 6:4.

Есесіне екіншісінде Данилина – Хелиоваара есе қайырды – 6:3.

Супер тай-брейкте қазақстандық-финляндиялық дуэт матчты жеңіспен түйіндеді – 10:8. 1 сағат 23 минутқа созылған бәсеке барысында екеуі 3 эйспен бірге 5 брейк-пойнттың екеуін мүлт жіберген жоқ. Испаниялық-бельгиялық жұп та 3 эйс, 2 брейкпен көзге түсті.

Анна Данилина – Харри Хелиоваара жартылай финалға шығу үшін америкалықтар Тэйлор Таунсенд – Дональд Янгпен таласады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу