US Open: Рыбакина жеке рекордын жаңарта ала ма?

949

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина US Open турнирінің үшінші кезеңі аясында өтетін кездесуге дайындалып жатыр.

US Open: Рыбакина жеке рекордын жаңарта ала ма? Фото: ktf.kz

Осы уақытқа дейін Нью-Йорктегі Үлкен дулыға турнирі 24 жастағы теннисші үшін сәтсіз болды. Бірақ алдағы бірнеше күнде бәрі өзгеруі мүмкін. Елена бұған дейін Уимблдонда жеңіске жетіп, Аустралия ашық чемпионатының финалына шықты. Ролан Гарростың ширек финалында өнер көрсетті. Бірақ АҚШ-тың ашық чемпионатында қазақстандық теннисші турнирдің екінші аптасынан әрі аса алмаған. Рыбакинаның Нью-Йорк корттарында ең жақсы көрсеткіші екі жыл бұрын үшінші раундқа жетуі. Ол уақытта тартысты кездесуде Симона Халептен жеңіліп қалды.

Ал биылғы жылы ол бірінші раундта украиналық Марта Костюкті 6:2, 6:1 есебімен жеңіп, үшінші кезеңге жекпе-жексіз өтті. Себебі аустралиялық Айла Томлянович кездесу алдында турнирден шығып қалды. Енді Рыбакинаны 33 жастағы румыниялық Сорана Кырстямен кездесу күтіп тұр. Ол қазірдің өзінде екі қарсыласын жеңді. Алдымен Кырстя америкалық Кайла Дэйден басым түсті – 6:2, 6:3, одан кейін ресейлік Анна Калинскаядан айласын асырды – 6:3, 6:4.

Рыбакина мен Кырстя бір-бірімен екі рет кездесіп, екеуінде де қазақстандық теннисші жеңіс тойын тойлады. Алдымен Дохада (Катар) – 3:6, 6:3, 6:1, одан кейін Ролан Гарроста (Париж, Франция) – 6:0, 6:3 қазақстандық теннисші айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Тәжірибелі румыниялық спортшы үшін АҚШ ашық чемпионаты осы уақытқа дейін сәтті өтті деп айта алмаймыз. Australian Open турнирінде ол 1/8 финалға шықты, ал Ролан Гарроста ширек финалға шыққандардың бірі болды. Бірақ Нью-Йоркте ол 14 рет ойнады және тек үш рет үшінші раундқа өтіп, әр ойын сайын жеңіліп жатты. Ал осы жолғы кездесуде кім жеңсе де, бұл оның АҚШ ашық корттарында жаңа жеке рекорды болатыны сөзсіз. Өйткені, бұрын олар мұнда тек үшінші айналымға дейін жеткен.

Қазіргі таңда Рыбакина Қазақстанның 2023 жылғы АҚШ ашық чемпионатындағы соңғы үміті. Әлемдік рейтингті де ұмытпағанымыз жөн. Келесі кезеңге өткен сайын Рыбакина үздік үштікке қайта оралуға бір қадам жақындай түседі. Көп нәрсе ертең таңертең екінші айналымдағы ойынын өткізетін Джессика Пегуланың (№3) өнеріне байланысты.

Айта кетейік, Рыбакина мен Кырстя арасындағы кездесу US Open-2023 бесінші ойын күні аясында өтеді. Кестеге байланысты бұл ертең түнде немесе сенбі күні түнде өтуі мүмкін. Нақты уақыты ертең, 1 қыркүйекте белгілі болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу