US Open: Үш қазақстандық теннисші келесі айналымда

1238

Дүйсенбіден сейсенбіге қараған түні Нью-Йоркте өткен US Open турниріне қатысқан қазақстандық төрт теннисшінің үшеуі келесі айналымға жолдама алды.

US Open: Үш қазақстандық теннисші келесі айналымда

Қазақстандық теннисшілерден Америка Құрама Штатының ашық бріншілігінде алғашқы болып кәсіпқой теннисшілер қауымдастығының рейтингі бойынша 90-орында келе жатқан 32 жасар Михаил Кукушкин венгриялық теннисші Аттила Балашқа қарсы кездесу өткізді. 2 сағат 15 минутқа созылған ойын 3 сеттен соң аяқталды. Естереріңізге сала кетсек, Үлкен Дулығаның турнирлерінде жекелей сайыс бойынша жеңімпаз үш сеттен кейін, қарсыластардың бірі басымдылыққа ие болған соң аяқталады. Ал, әйелдер арасында екі қатысушының бірі жеңіске жеткенше, екі сетке дейін өтеді.

Алғашқы сетте қазақстандық теннисші 6:4 есебімен басым түсті. Екінші партияда одан да жақсы нәтиже көрсетіп, есеп 7:4 ке жетті. Ал, үшінші сет 6:4 есебімен аяқталды. Нәтижесінде Кукушкин қарсыласын айқын басымдылықпен жеңді.

Енді 2-айналымда ол 24 жасар Чили теннисшісі Кристиан Гаринге қарсы ойнайды. Чилилік теннисші Әлемдік рейтингте 19-орында тұр. Кристиан Гарин бес сетке созылған алғашқы кездесуінде америкалық Уллис Бланчты оп-оңай жеңіп кетті.

US Open турниріне қатысып жатқан теннисшілердің бірі Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина. Ол 1-айналымда украиналық Катарина Завацкаядан басым түсті. Рыбакинаға жеңіске жету үшін 1сағат 10 минут уақыт жеткілікті болды. Кездесу 6:3, 6:0 есебімен, Еленаның пайдасына аяқталды.  Ал 2-айналымда қазақстандық теннисші қыз америкалық. Шелби Роджерске қарсы кортқа шығады. Рыбакинаның жаңа қарсыласы алғашқы кезеңде Ирина Хромачеваны 6:2, 6:2 есебімен ұтты. Енді Елена Рыбакина мен америкалық теннисші Шелби Роджерс 2-қыркүйекте кортқа шығады.

Тағы бір жерлесіміз Юлия Путинцева да 1-айналымда жеңіске жетіп, келесі кезеңге жолдама алды. Ол америкалық Робин Монтгомеримен жолықты. 1 сағат 6 минутқа созылған ойын 6:1, 6:3 есебімен, Юлияның пайдасына аяқталды.  Путинцеваның келесі қарсыласы белорусиялық Вера Лапко. Ал қазақстандық теннисшілер атынан сынға түскен тағы бір спортшы Александр Бублик ұлыбританиялық Кайли Эдмундқа ұтылып қалды.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу