АҚШ-тағы жарыста Заңғар Нұрланұлы алғаш рет жартылай финалға шықты

391

АҚШ ашық чемпионатында қазақстандықтардан жалғыз Заңғар қалды.

АҚШ-тағы жарыста Заңғар Нұрланұлы алғаш рет жартылай финалға шықты Фото: ҚТФ

Қазақстандық теннисші, 17 жастағы Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасында АҚШ ашық чемпионатының жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ITF Juniors рейтингісінде 54-орында тұрған Заңғар Нұрланұлы ширек финалда жарыстың 13-ракеткасы ресейлік, 18 жастағы Тимофей Дерепаскомен шеберлік байқасты.

Т.Дерепаско – жасөспірімдер ғана емес, ересектер арасында да ойнап үлгерген теннисші, ол ATP рейтингісінде 925-орында тұр.

Бірінші партияда есеп 1:1 болған мезетте Заңғар брейк жасай білді. Содан кейін тағы бір брейкке қол жеткізді – 6:2.

Екінші сетті З.Нұрланұлы брейкпен бастағанымен, соны жалғастыра алмады – 1:1. Дегенмен есеп 3:3 болғанда, қайыра брейк жасап, өз геймін алды – 5:3. Содан кейін матчты жеңіспен түйіндеді – 6:4.

Бір жарым сағатқа жуық уақытқа созылған бәсекеде Заңғар батыл өнер көрсетіп, қарсыласының алдын орап кетіп отырды. 

Заңғар Нұрланұлы финалға шығу үшін жасөспірімдер арасында әлемнің 1-ракеткасы, болгариялық Иван Иванов немесе германиялық Максим Шонхауестің арасында жеңген теннисшімен таласады.

Айта кетейік, З.Нұрланұлы жасөспірімдер арасында қазақстандықтардан осындай табысқа алғаш рет жетіп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу