Үш теннисшіміз Азияда үздік

1306

Азия теннис федерациясы 14 және 16 жасқа дейінгі спортшылар арасында жаңартылған рейтингіні жария етті.

Үш теннисшіміз Азияда үздік

4 жасқа дейінгілер арасында астаналық Альбина Кәкенова жылды бірінші орынмен аяқтайды. Себебі ол өз жас санатында ең үздік деп танылды. Үздік ондыққа сондай-ақ ақтөбелік Ева Корышева (4-орын), астаналық Ариана Гогулина (8-саты) кірді. Олар да соңғы уақыттары ғаламат прогресс жасап келе жатыр.

Ал 16 жасқа дейінгілер арасында алматылық Сафина Сафиуллина мен тағы бір елордалық Темірлан Кәрім көш бастап келеді. Қыздардан алматылықтар Данайя Аманғажиева алтыншы, Полина Слепцова жетінші, Айя Нұпбай оныншы сатыға жайғасты. Бозбалалардан астаналық Вячеслав Куфельд үшінші, алматылық Тихон Сорокин сегізінші орында тұр. Бұл көрсеткіштердің барлығы теннисшілеріміздің деңгейін көрсетеді. Дәл қазір Қазақстандық жеткіншектер Азия құрлығында үздік. Ендігі меже мұнымен тоқтап қалмай, одан әрі даму.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу