1940 жылғы 7 қыркүйек. Парагвай Президенті Хосе Феликс Эстигаррибия
Әуе апатынан алғаш қаза тапқан көшбасшы. Эстигаррибия 1932-1935 жылдардағы Боливияға қарсы Чак соғысы кезінде Парагвай әскерін басқарған. Содан кейін ел ішінде беделі артып, 1939 жылы Президент болып сайланған. Келесі жылы әйелімен бірге өңірлерге сапарлайды.
1940 жылы 7 қыркүйекте президент ұшағы Агапуэй қалашығы маңында апатқа ұшырайды. Оқиғадан Эстигаррибия мен оның әйелі, ұшақтағы барлық жолаушы көз жұмды. Қайғылы қазадан соң Эстигаррибияға "маршал" атағы беріледі.
1957 жылғы 17 наурыз. Филиппин Президенті Рамон Магсайсай
Бұрын мұғалім болып қызмет еткен Магсайсай 1953 жылы Филиппиндегі президент сайлауында жеңіске жетеді. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Қорғаныс министріне дейін көтерілген.
Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте көрсеткен табандылығының арқасында үлкен беделге ие болған. АҚШ-қа қарсы саясат ұстанған. Магсайсай 1957 жылы 17 наурызда Себу аймағында ұшақ апатынан қайтыс болды. Оның жерлеу рәсіміне 2 миллионға жуық адам қатысқан.
1959 жылғы 29 наурыз. Автономды Орталық Африка Республикасының бірінші премьер-министрі Бартелеми Боганда
19 ғасырдың соңынан бастап 1958 жылға дейін бұл мемлекет Франция колонияларының бірі еді. Бартелеми Боганда Франция қоғамдастығының құрамындағы Автономды Орталықафрика Республикасының бірінші премьер-министрі болды.
Бастапқыда рим-котолик шіркеуінің діни қызметкері болған Б.Боганда саясатқа халқының өмір сүру жағдайын жақсартып, әлеуметтік әділеттік орнатамын деген нық сеніммен келген-ді.
Ол 1949 жылы Францияның Экваторлық Африка халықтарының құқықтары мен тәуелсіздігін қорғауда шешуші рөл атқаратын "Қара Африканың әлеуметтік эволюциясы" қозғалысын құрды.
Өкінішке қарай, ол Орталық Африка Республикасы ресми түрде Франциядан тәуелсіздік алғанға дейін 1959 жылдың 29 наурызында ұшақ апатынан қайтыс болды.
1961 жылғы 18 қыркүйек. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Даг Хаммаршельд
Бұрынғы швед дипломаты Даг Хаммаршельд 1953 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы болып тағайындалды.
1960 жылы таяуда ғана Бельгиядан тәуелсіздік алған Конго үкіметі Біріккен Ұлттар Ұйымынан елдегі күшейіп келе жатқан зорлық-зомбылықпен күресуге көмек сұрады.
Хаммаршельд Конгоға Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгершілік күштерін жіберді – бұл 1960 жылы қыркүйекте Бас хатшының отставкаға кетуін талап еткен Кеңес Одағы басшылығын айыптаған шешім болатын.
1961 жылғы қыркүйекте Д.Хаммаршельд Конгоның Катанга провинциясына ұшады. Оның ұшағы сол кездегі Солтүстік Родезия (қазіргі Замбия) жеріндегі Ндола қаласына жақын жерге құлайды.
1966 жылғы 13 сәуір. Ирак Президенті Абдул Салам Ареф
Ирактың екінші Президенті Абдул Салам Ареф өз уақытында елдегі монархияны құлатуға белсенді атсалысқан. Соның арқасында үлкен саяси мансапқа ие болды.
1963 жылғы мемлекеттік төңкерістен соң билікке келді. Үш жыл бойы елдің солтүстігіндегі күрдтерге қарсы соғыс жүргізді. Египетпен келіссөз жүргізіп, Кувейттің тәуелсіздігін ресми түрде мойындады.
1966 жылы 13 сәуірде Абдул Салам Ареф Басрадан Бағдадқа тікұшақпен ұшады. Алайда діттеген жеріне жетпей, апатқа ұшырайды. Келесі күні тікұшақтың бөлшектері Эль-Гуна маңынан табылды. Тікұшақтағылардың барлығы қаза тапты.
1969 жылғы 27 сәуір. Боливия Президенті Рене Барриендос Ортуньо
Ол 1964 жылы мемлекеттік төңкеріс нәтижесінде билікке келді.
Баррьентос тұсында елдің қарулы күштері кез келген оппозициялық қозғалыстарды, оның ішінде Че Гевара бастаған көтерілісті басып тастады. Боливия армиясы 1967 жылы қазанда Че Гевараны тұтқынға алып, өлім жазасына кесті.
Президент Рене Баррьентос 1969 жылы сәуірде өзі ұшқан тікұшақ Кочабамба провинциясында апатқа ұшырағаннан кейін қайтыс болды. Ресми тергеу комиссиясы ұшақтың электр сымына соғылғанын анықтағанымен, Боливияда тікұшақ атып түсірілді деген қауесет тараған.
1980 жылғы 4 желтоқсан. Португалияның Премьер-Министрі Франсишку Карнейру
1974 жылғы қалампыр төңкерісінен кейін билікке келген саясаткер Португалия премьер-министрі 1976 жылдан бері экономикалық және саяси реформаларды қарқынды жүргізді.
1980 жылы 5 қазанда Карнейроның партиясы кірген Демократиялық альянс сайлауда жеңіске жетті.
Франсишку Карнейру 1980 жылы 4 желтоқсанда Cessna 421 Golden Eagle жеңіл қос қозғалтқышты ұшағының апатында қайтыс болды. Тергеу ұшақтың техникалық жағдайы нашар екенін көрсеткенімен, саясаткердің өліміне қатысты көптеген қауесеттер мен қастандық теориялар тарады.
1981 жылғы 24 мамыр. Эквадор Президенті Хайме Ролдос Агилера
Агилера 1979 жылы Эквадордағы президенттік сайлауда жеңіске жетті. Содан кейін елдің өмірін жақсартуға бағытталған реформаларды қолға алды. Ең алдымен 40 сағаттық жұмыс аптасы белгіленіп, ең төменгі жалақы екі есеге артты.
1981 жылы Агилера дипломатиялық талантын көрсетті. Өйткені ол Эквадор мен Перу арасындағы әскери қақтығысты бейбіт жолмен шешті.
Сол жылдың 24 мамырында Президенттің ұшағы Лоха провинциясындағы Уайрапунга тауларында апатқа ұшырады. Агилера әйелімен, қорғаныс министрі әйелімен, сондай-ақ екі офицер мен тағы 5 адам қайтыс болды. Апат себебі әлі күнге дейін анықталған жоқ.
Қастандық жасалды дегендер де табылады. Себебі Агилераның мұнай өндіру саласын реформалауы АҚШ мүдделеріне қауіп төндірді.
1981 жылғы 31 шілде. Панама Президенті Омар Торрихос Эррера
Билікте болған кезде ол популистік саясат жүргізіп, АҚШ-пен Панама каналы аймағының егемендігін Панаманың өз қолына біртіндеп беру туралы келісімге қол жеткізді.
Торрихос АҚШ-тың қолдауына ие болды, өйткені ол коммунизмнің жалынды қарсыласы болды. 1981 жылы шілдеде оның ұшағы қолайсыз ауа райы жағдайында апатқа ұшырады.
1986 жылғы 19 қазан. Мозамбик Президенті Самора Машел
Ол азаттық қозғалысын басқарды және 1975 жылы тәуелсіз Мозамбиктің бірінші президенті болды.
1986 жылы президент ұшағы Мозамбик пен Свазиленд шекарасына жақын Оңтүстік Африка аумағында тауға құлады. Тергеу комиссиясы апатқа ұшқыштың қателігі себеп болғанын анықтады.
1988 жылғы 17 тамыз. Пәкістан Президенті Мұхаммед Зия-ул-Хак
Ол әскери төңкеріс нәтижесінде билікке келді және Кеңес одағының Ауғанстанға басып кіруі кезінде антикеңестік моджахедтер көтерілісін қолдауда танылды.
1988 жылы 17 тамызда ұшақ апатынан қайтыс болды. Тергеу комиссиясы апаттың ең ықтимал себебі диверсия деп болжағаны есте.
1994 жылғы 6 сәуір. Руанда Президенті Джувенал Хабиаримана және Бурунди Президенті Киприен Нтарямира
1973 жылы Джувенал Хабяримана әскери төңкерісті басқарып, Руанда президенті атанды.
Оның ұшағы 1994 жылы 6 сәуірде ел астанасына жақын маңда атып түсірілді. Осыдан кейін Руандада қанды оқиғалар орын алып, миллионға жуық адам қаза тапты.
Артынша сол ұшақта Бурунди Президенті Киприен Нтарямира да болғаны белгілі болды.
2004 жылғы 26 ақпан. Македония Президенті Борис Трайковский
Македония президенті 2004 жылы ақпанда Beechcraft Super King Air 200 ұшағы бортында Босния мен Герцеговинадағы тауға құлап, апат болуына орай қайтыс болды, апаттың себебі нақты белгісіз.
Борис Трайковский саясатқа Македония тәуелсіздік алғаннан кейін келді. Оның қызметі этникалық македондықтар мен этникалық албандар арасындағы шиеленістің күшеюіне әкелді. Ол 1999 жылғы сайлауда шамамен 90 пайыз дауыс жинаған танымал саясаткер болды.
2010 жылғы 10 сәуір. Польша Президенті Лех Качинский
Польша президенті 2010 жылғы 10 сәуірде Екінші дүниежүзілік соғыстың басында Кеңес басшылығы тарапынан өлтірілген поляк офицерлерін еске алу кешіне қатысу үшін Катынь қаласына бара жатқанда, Смоленск түбінде ұшақ апатынан қайтыс болды.
Президент мінген Ту-154 қону кезінде сырғанау жолынан төмен болды, оның қанаты ағаштарға тиіп, ауада ыдырап, жерге құлады. Ұшақта президентпен бірге көрнекті поляк саясаткерлері, жоғары лауазымды әскери қызметкерлер, сондай-ақ белгілі қоғам және дін қайраткерлері болған еді.