Үшінші алтын! Аида Әбікеева бокстан әлем чемпионы атанды

783

Таяуда ғана Азия чемпионы атанған Аида Әбікеева енді әлем чемпионатында жеңіс тұғырына көтеріліп, Ниш төрінде тағы бір мәрте еліміздің әнұраны шырқалды. 

Үшінші алтын! Аида Әбікеева бокстан әлем чемпионы атанды Фото: Бокс федерациясы

Ол 63 келі салмақ дәрежесінде өткен финалда 2022 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері, 2024 жылғы Олимпиада қатысушысы таиландтық Тананья Сомнуекті жеңді.

26 жастағы Әбікеева әлем чемпионатына алғаш рет қатысып отыр. 2024 жылы қарағанды бокс мектебінің түлегі Азия чемпионы атанған еді. Енді, міне әлем чемпионатын да бағындырып отыр. 

Осылайша, ел қоржынында әзірге 3 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль бар. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу