Үшінші медаль: Константин Борцов қысқы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

234

Харбиндегі қысқы Азия ойындарында Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары әзірге үш медаль иеленді.  

Үшінші медаль: Константин Борцов қысқы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды Фото: Туризм және спорт министрлігі

29 жастағы Ақмола облысының шаңғышысы Константин Борцов классикалық спринтте үшінші орынға ие болды. 

Чемпиондық атақты қытайлық Ван Цян жеңіп алды. Ал, күміс жүлде жапониялық Харуки Ямашитаға бұйырды. Қазақстандық Олжас Климин бесінші нәтиже көрсетті. 

Константин Борцов бұған дейін екі әлем чемпионатына (2021, 2023) қатысқан. Оның ең жақсы нәтижесі 16-орын болды. Ал, енді міне тәжірибелі спортшы Харбинде жеңіс тұғырына көтеріліп, қола жүлдегер атанып отыр. 

Классикалық спринт 2007 жылдан бері Азия ойындарының бағдарламасына енді. 2011 жылы Қазақстан құрамасы бұл жарыста күміс және қола медаль жеңіп алса, 2017 жылы Алексей Полторанин алтын медаль иегері атанды. 

Сонымен, Харбинде құрамамыздан алғашқы күміс медальді 2000 метрлік эстафетада шорт-трекшілеріміз иеленсе, 100 метрге конькимен жүгіруде Евгений Кошкин де күміс жүлдегер атанды. Шаңғы жарысындағы Константин Борцовтың қола медалі құрамамыз үшін қысқы Азия ойындарындағы үшінші жүлде болды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу