Ұшқыр бәйгеден 3200 метрлік жарыс жолына шыққан дөненнен жоғары жастағы (4 жасар және одан жоғары) аттардың арасында жүйрік анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Мәре сызығын бірінші болып "Лайф’с Э Бриз" кессе, екінші орынды "Уэст Кост Найт" иеленсе, үздік үштікті "Аляска Тайгер" түйіндеді.
1-орын: Лайф’с Э Бриз, жокей – Мырзабек Каппушев, бапкері және ат иесі – Нұржігіт Табылдиев (Қазақстан);
2-орын: Уэст Кост Найт, бапкері – Жусупов Даурен, ат иесі Жусупов Даурен ат иесі Карабай КФХ,(Қазақстан);
3-орын: Аляска Тайгер, жокей әрі бапкері – Рамазан Табылдиев, ат иесі – Нұржігіт Табылдиев (Қазақстан).