Пусанда (Оңтүстік Корея) үстел теннисінен әлем чемпионатында кіші топтағы ойындар аяқталып, жарысты жалғастыратын 24 команда анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстанның ерлер құрамасы Кореяда сәтті өнер көрсетуде. Бүгін Кирилл Герасименко бастаған біздің спортшылар АҚШ-ты 3:1 есебімен жеңіп, өз тобында екінші орын иеленді. Сондай-ақ, әлемдегі үздік 24 команда қатарына енді.
№2 топ:
1 орын Германия
2 орын Қазақстан
3 орын Англия
4 орын АҚШ
5 орын Сауд Арабиясы.
Біздің құраманың көшбасшысы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Кирилл Герасименко 7 ойынның барлығында жеңіске жетті.
(ITTF) Халықаралық үстел теннисі Федерациясы әлемдегі ең ірі халықаралық спорт федерациясы болып табылады, онда 227 ел бар және әлем чемпионатына тек 40 ұлттық құрама қатыса алды. Қазақстан Пусанда ойнау үшін финалдық сегіздікке кіріп, құрлықтық біріншілікте лицензия жеңіп алды.
Міне, жаңа жетістік - ертең Қазақстан командасы 1/8 финалға шығу үшін Үндістан құрамасына қарсы жекпе-жек өткіземіз.