Үстел теннисінен Қазақстан ерлер құрамасы ширек финалда жеңілді

386

Қазақстан ерлер құрамасы астанада өтіп жатқан үстел теннисінен Азия чемпионатында жартылай финалға жете алмады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Үстел теннисінен Қазақстан ерлер құрамасы ширек финалда жеңілді Фото: ҚР Үстел теннисі федерациясы

Ширек финалда, Қазақстан құрамасы Үндістан спортшыларымен шеберлік байқасты.

Кирилл Герасименко екі ойында жеңіліс тапса, Алан Құрманғалиев ел құрамасына бір жеңіс сыйлады. Ал, Айдос Кенжеғұлов қарсыласына есе жіберіп алды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы 1:3 есебімен Үндістанға жол беріп, жартылай финалдан тыс қалды. Алайда, отандық спортшылар енді 5-8 орындар үшін бақ сынайды.

Еске сала кетсек, үстел теннисінен Азия чемпионаты 7 қазан күні астанадағы BEELINE ARENA Ұлттық теннис орталығында жалауын көтерді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу