Қазақстан Республикасы үстел теннисі федерациясының вице-президенті Елсияр Қанағатовтың сөзінше, соңғы уақытта елімізде және федерация тарапынан үстел теннисін дамыту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр.
"Шынында да, бұл спорт түрі ересектерге де, балаларға да қолжетімді. Үстел теннисі үстелдерін кез келген жерге қойып, ойнауға болады. Меніңше, бұл спорттың болашағы зор. Оны тікелей өңірлерде, аудандарда жаппай дамыту бойынша мәселелер бар. Біз көптеген спорт түрін дамытуға атсалысып жүрген Olimpbet компаниясына алғыс білдіреміз. Өзара серіктестік туралы келісім жасағанымызға қуаныштымыз. Үстел теннисін бұқаралық әрі өте танымал спорт түріне айналдыру үшін бірге үлес қосатын боламыз", – деді ол.
Елсияр Қанағатов елімізде спорттық базаны нығайту бойынша үлкен жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді. Қарағанды үстел теннисін дамытудағы жетекші облыстардың біріне айналып отыр. Өңірде Мемлекет басшысы ашқан заманауи үстел теннисінің орталығы бой көтерген.
"Біз бұл спорт түрінің бұқаралық болуы үшін, халықаралық деңгейдегі спортшылардың нәтижелері әрдайым жақсаруы үшін шаралар қабылдауымыз керек", – деп атап өтті федерацияның вице-президенті.
Оның мәліметінше, бүгінде команда 20-28 мамыр аралығында өтетін әлем чемпионатына дайындалып жатыр.
Өз кезегінде Olimpbet сыртқы коммуникациялар жөніндегі директоры Андрей Жарков Olimpbet компаниясы үшін серіктестіктің әлем чемпионаты қарсаңында басталғаны құрмет екенін атап өтті.
"Olimpbet компаниясының нақты іс-әрекеттеріне келер болсақ, енді біз федерациямен бірге республикалық ауқымда түрлі ірі турнирлерді өткізуге өте белсенді қатысатын боламыз. Бұл турнирлерде қазақстандық үстел теннисінің жаңа есімдері шығады деп үміттенеміз", – деді ол.
Сондай-ақ Андрей Жарков отандық құраманың көшбасшысы Кирилл Герасименконың Халықаралық теннис федерациясы рейтингінде 51-орынға тұрақтанғанын еске салды.
"Біз оған Дурбанда өтетін алдағы әлем чемпионатында үлкен жеңістер тілейміз. Бұл маусым оның жан-жақты ашылып, 50-орынға көтеріліп, әлемнің алғашқы ракеткасы атануына ықпал ететін маусым болатынына сенемін", – деді спикер.
Федерацияның Бас хатшысы Данил Пактың сөзінше, Olimpbet компаниясы спортты, оның ішінде үстел теннисін дамыту үшін маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
"Үстел теннисі Қазақстанның барлық өңірлерінде, соның ішінде облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда өте жақсы дамып келеді. Чемпиондардың аймақтардан шығатыны белгілі. Аудан орталықтары, ауылдық округтер туралы ұмытпауымыз керек. Компанияның қолдауының арқасында спорт жабдықтарын, инвентарьді тартуды жоспарлап отырмыз. Оларды өңірлерге тарататын боламыз, балалардың осы тамаша спорт түрімен айналысу мүмкіндігіне ие болуы үшін қолайлы жағдайлар жасайтын боламыз. Федерация атақты сарапшыларды тарта отырып, судьяларымызға, жаттықтырушыларымызға шеберлік сыныптары мен семинарлар өткізуді жоспарлап отыр",– деп қорытындылады Данил Пак.