Утиль алымына қарсы петиция: Министрді кім қорқытып жүр?

5041

Тиісті петиция 50 мың қол жинаған болатын.

Утиль алымына қарсы петиция: Министрді кім қорқытып жүр? Фото: inbusiness.kz

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев утиль алымына қарсы петиция қалай қаралатынын түсіндірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Журналист Үкімет отырысынан кейінгі брифингте спикерден "Үкіметтің утиль алымға қарсы петиция бойынша шешімі қашан белгілі болады?" деп сұрады.

"Комиссия құрылады, ол бірқатар өндіруші зауыттарға баруы да мүмкін. Содан кейін комиссия қорытындысын жариялаймыз, одан соң қоғамдық тыңдалым өтеді. Барлық процеске шамамен 40 күндей кетеді. 24 мамырдан 5 шілдеге дейін қол қойылған петиция бойынша заңға сәйкес пікір беруіміз қажет. Егер де петицияға балама жолдар болса, олар да қабылданып, мемлекет тиісінше қарайтын болады", - деді Шарлапаев.

Тілшілер утилизациялық алымға қарсы петицияның талабы қанағаттандырылмауы мүмкін бе деп нақтылады.

"Қорытынды қандай болатынына қатысты болжам жасай алмаймын. Бұл процесті барынша ашық түрде жасауға тырысамыз, петицияға қол қойғандардың пікірін ескереміз", - деді Өнеркәсіп және құрылыс министрі. 

Ведомство басшысы утилизациялық алымға қатысты мәселені шешу үшін заң аясында жұмыс істеу керек екенін айтты. 

"TikTok-та бірнеше видео мен пікірді көрдім, мені қорқытып жатқан адамдар да бар. Оларға айтарым – әр жұмысты, әр қоғамдық процесті тек заң арқылы жүргізу қажет", - деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу