Ұтыста жолы болмаған жігіт айырбас бекетін тонап кетті

2765

Нұр-Сұлтан қаласында ұтыста сан соққан жігіт ақша айырбастау бекетінен 10 млн теңге тонаған.

Ұтыста жолы болмаған жігіт айырбас бекетін тонап кетті

Елорданың полиция департаменті аталмыш қылмыстың ізін суытпай ашқанын мәлімдеп ақпарат таратып отыр.
Сақшылар сол күні-ақ Орал қаласының тумасын күдікті ретінде анықтап, қолға түсірген.
"Күдікті тәулік ішінде ұсталды. Айырбас бекетінің кассиріне пышақ кезенген жігіт 10 млн теңгені қалтасына басып, із жасырып үлгерген. Сақшылар бір тәулік ішінде оның кім екенін анықтап, қолға түсірді", - делінген департаменттің дерегінде.
Тонаушының өзі болса, бұлай тез ұсталамын деп ойламған сыңайлы. Сақшылар тінткен кезде ақшаның бір тиынын да жаратып үрлгермеген. Қазір күдікті уақытша қамау изоляторында отыр. Үстінен Қылмыстық кодекстің 192-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Оның бұған дейін де осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілмек.
Астаналық полиция өкілдері соңғы уақытта осыған ұқсас тонауға ұшыраған адамдар болса, Нұр-Сұлтан қаласындағы Бейбітшілік көшесі 19 мекенжайы бойынша немесе 71-61-51; 71-63-16 телефондарына хабарласуды сұрайды

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу