Үздіктер іріктеліп жатыр

1518

Қатарда өтіп жатқан Әлем чемпионатында бүгін тағы да тартысты ойындар өтеді.  

Үздіктер іріктеліп жатыр

Алдымен алаңға "F" тобының командалары шығады. Хорватия мен Бельгия құрамаларының ойынын қалың көрермен тағатсыздана күтіп отыр. Соңғы Әлем чемпионатының жартылай финалында өнер көрсеткен қос ұжымның ойыны турнирлік кестеге қатты әсер береді. Егер Хорватия құрамасы жеңіп немесе тең түссе келесі айналымға шығады да, Бельгия жарысты осы жерден аяқтайды. Себебі, бельгиялықтардың небәрі 3 ұпайы бар. Ал Хорватия мен Мароккода 4 ұпайдан. Африкалық команда бүгін Канадамен кездеседі. Канада екі ойын қатарынан жеңіліп, жарысты одан әрі жалғастыратын мүмкіндіктен айырылып қалған. Канада – Марокко арасындағы ойын тең аяқталған күннің өзінде де "атлас арыстандары" плэй-оффқа шығады.

Осы жерде ескере кететін тағы бір жәйт бар. Бұл топтың екі жеңімпазы "Е" тобының мықтыларына қарсылас болады. Ал ол жақта Испания мен Германия тұр. Олардың қандай орын алатыны әлі белгісіз. Жалпы Германия құрамасының нақты плэй-оффқа шығуы әлі белгісіз. Себебі, Испания бүгін түнде Жапониямен ойнайды. Жапон құрамасы жеңіске жетсе, немістер ауылға қайтып кетуі ғажап емес. Алайда, командалар дәл қазір қарсылас таңдайтындай шамада емес. Ең бірінші кезекте плэй-оффқа жолдама алуды көздейді. Ал қалғанын ойын барысында көре жатар.

Астана уақытымен түнгі 01:00-де басталатын матчтардың ішінде Испания – Жапония кездесуі көрерменнің қызығушылығын тудыртады. Германия мен Испанияның тағдыры осы ойында шешіледі. Нақты айтқанда Жапонияның нәтижесі қалғандарына қатты әсер береді. 4 ұпайы бар Испания 3 ұпайы бар Жапонияға жеңілмесе жетіп жатыр. Алайда, Германия Коста-Риканы тас-талқан жеңсе бірінші орынға шығып кетуі де мүмкін. Егер, Испания – Жапония матчы тең аяқтса онда Германия Коста-Риканы 2 доп айырмасымен жеңуі керек болады. Сонда немістер екінші орынмен плэй-оффқа шығады.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу