Үздіктердің қатарына енді

919

Қазақстандық жас теннисшілер ақырындап нәтиже көрсете бастады.  

Үздіктердің қатарына енді

Қазақстандық Ева Корышева Еуропадағы үздік 50 ойыншының қатарына кірді. Халықаралық теннис федерациясы (ITF) мен Еуропа теннис қауымдастығы (TE) жасөспірімдер арасында жаңартылған рейтингіні жариялады. Tennis Europe рейтингісінде 14 жасқа дейінгі қыздар арасында Ақтөбе теннис мектебінің түлегі Ева Корышева 61-ден бірден 45-орынға көтерілді. Томирис Нұржан 118-інші, Еркежан Жаңатаева 199-сатыда тұр.

Ұлдар арасында астаналық Ярослав Пшеничный 73-орында болса, Роберт Каминский 149-дан 99-ға шығып, ТОП-100-ге енді. Михаил Мищенко 128-сатыда. 

ITF жасөспірімдер рейтингісінде Сандуғаш Кенжебаева – 87, Асылжан Арыстанбекова – 128, Дана Байдәулет – 148, Айя Нұпбай 159-орында келеді. Бозбалалар арасында Ерасыл Ерділдә – 118, Максим Батютенко – 123, Виталий Зацепин – 200, Ильяс Маратұлы – 277, Әмір Омарханов 283-орында. Заңғар Нұрланұлы 933-тен бірден 844-ке жоғарылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу