Вакцина алған 20 мыңнан аса адам коронавирус жұқтырған

2925

Елімізде екпе алған 20 мыңнан аса адам COVID-19 жұқтырған. Бұл туралы ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Зәуре Ахметова айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.  

 Вакцина алған 20 мыңнан аса адам коронавирус жұқтырған

Алдымен Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шорановтың айтуынша, өткен жылғы наурыздан бері елімізде шамамен 23 мың адам коронавирусты қайта жұқтырған. Олар COVID-19-ға қарсы екпе алмаған.

"20 мың адам вирусты қайта жұқтырып, емханада емделді, ал 3200 адам стационарлық деңгейде ем қабылдады", - деді министрдің орынбасары ОКҚ-де өткен брифингте.

Сондай-ақ ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Зәуре Ахметова коронавирус жұқтырғандардың 99,9% вакцина алмағанын атап өтті.

"Екпе салдырғандардың 0,1% ауру жұқтырған: 20 211 адам", - деді Зәуре Ахметова.

Ол COVID-19-ға қарсы екпенің бірінші компонентін алғандар арасында 7 070 адам (0,1%) вирус жұқтырғанын жеткізді

"Оның ішінде Sputnik V екпесін алған 6 108 адам ауру жұқтырған.

Аталған вакцинаны елімізде 5 млн 669 мың 885 адам салдырды. Жалпы екпе алғандар арасында ауырғандардың үлесі – 0,1%.

QazCovid-in екпесін 172 707 адам алды. Оның ішінде 172 адам вирусты қайта жұқтырған немесе 0,1%.

Hayat-Vax вакцинасын 529 346 адам алған. Оның ішінде 553 адам ауырған немесе 0,1%.

CoronaVac екпесін 249 373 адам салдырды, оның ішінде ауру жұқтырудың 218 дерегі тіркелді немесе 0,1%", - деді комитет төрағасының орынбасары.

Зәуре Ахметова коронавирусқа қарсы екпенің екінші компонентінін алғаннан кейін 13 141 адам ауырғанын айтты. Ауру жұқтырғандардың үлесі – 0,2%.

"Sputnik V вакцинасының екінші компонентін 4 млн 912 мың 195 адам салдырды. Оның ішінде 11 мың 101 адам ауырды – 0,2%.

QazCovid-in екпесінің екінші компонентін 113 мың 730 адам алды. Оның ішінде 231 адам ауырды немесе 0,2%.

Hayat-Vax екпесін 482 463 адам салдырды. Оның ішінде 1 448 адам ауру жұқтырды –  0,2%.

CoronaVac вакцинасын 228 265 адам салдырды. Оның ішінде 341 адам ауырды – 0,15%", - деп түйіндеді сөзін комитет төрағасының орынбасары.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу