"Валетта" екінші қақпашымен шығады

2281

Бүгін Нұр-Сұлтан уақытымен 00-00-де Еуропа лигасының іріктеу матчы аясында "Валетта" мен "Астана" кездеседі.

"Валетта" екінші қақпашымен шығады

Алғашқы матчта жарақат алған қақпашы Генри Бонелло жауапты матчта алаңға шықпайтын болыпты. "Мен негізі бірінші матчқа дейін 5 ай бұрын жарақат алған едім. Ұзақ уақыт шыдас беріп, амалсыздан қақпаны қорғап жүрдім. Одан әріге шыдай алмайтын түрім бар. Сондықтан жауапты матчта қақпаны күзетпеймін" деді баспасөзге берген сұқбатында. "Валеттаның" негізгі қақпашысы бірінші матчта жақсы тұрғанымен қақпасына 5 гол жіберіп алды. Алайда, елордалықтардың соққан 5 голына тікелей қақпашы кінәлі деп айта алмайсыз.

Мальта жерінде өтетін осы ойыннан кейін "Астана" Еуропа лигасының плэй-офф айналымына жолдама алуы тиіс. Ал ол кезеңдегі қарсыласы бүгін БАТЭ – "Сараево" матчының қорытындысы бойынша белгілі болады. Белорусь елінің чемпионы бірінші ойында 2:1 есебімен жеңгенін естеріңізге сала кетейік.

 

Ермұхамед МӘУЛЕН

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу