Вараздат Ароян: "Астананың" жетістікке жетуге жақсы мүмкіндігі бар

2458

Армениялық қорғаушы Грекиядан, Кипр мен Израильден ұсыныстар түскеніне қарамастан "Астана" футбол клубын таңдады.

Вараздат Ароян: "Астананың" жетістікке жетуге жақсы мүмкіндігі бар

Армения құрамасының қорғаушысы Вараздат Ароян маусым аралық үзіліс кезінде "Астананың" ойыншысы атанды. Ароян елордалық команданы неге таңдағаны туралы клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында айтты.

- "Астана" тарапынан қызығушылық туралы маған "Тамбов" сапында жүргенде маусымның соңында айтылды. Содан кейін маған бас бапкер Андрей Тихонов, одан соң Дэвид Лориямаған қоңырау шалды. Біз барлық мәселелер туралы келістік. Астаналықтар сапында өзімді өте жайлы сезінемін. Менде бұдан бөлек Грекиядан, Кипрден, Израильден ұсыныстар болды. Бірақ "Астананы" таңдадым. Өйткені бұл – танымал үлкен клуб және Еурокубоктардың тұрақты қатысушысы. Менің ауысуыма жаттықтырушының жеке мүдделілік білдіруі себеп болды.

- "Астанаға" келер алдында Тигран Барсегянмен сөйлестіңіз бе, клуб туралы ол не айтты?

- Әрине, онымен де сөйлестім. Ол ел, қала, команда туралы көп жақсы нәрсе айтты.

"Астанада" Тихоновпен жұмыс істеуден алған алғашқы әсеріңіз қандай?

- Алған әсерім өте жақсы. Командада маған қазақстандық жастар ұнады. Олар жаттығуларда бар ынтасымен жұмыс істейді. Қазір біздің құрамымыз - жоғары деңгейде өнер көрсетуде үлкен тәжірибесі бар футболшылармен бірге талантты жастар біріккен құрама. Менің ойымша, осындай құрамадан тұратын команданың жетістікке жетуге жақсы мүмкіндіктері бар.

- Сен "Астана Аренада" "Пюник" сапында және Қазақстан құрамасында "Астанаға" қарсы екі рет ойнадың. Қала, стадион қандай әсер қалдырды?

- Мен "Астана Аренада" үш рет ойнадым. Ол Армения жастар құрамасының матчы болатын. Өте жақсы қала, заманауи стадион. Ол уақытта біз жастармен жеңіске жетіп, ал ұлттық құрамамен тең ойынмен кеттік. Маған өте қатты ұнады.

- Құраманың соңғы матчтарында капитанның таңбасымен шығып жүрдіңіз, Сіз үшін өз құрамаңның капитаны болу деген не?

- Бұл мен үшін өте маңызды. Өз Отанымның құрамасының капитаны болу мен үшін арман болды!

- "Астана" сапында ойнайтын алғашқы ресми матч - жаңа форматта өтіп жатқан Қазақстан Суперкубогының жартылай финалдық матчы болуы мүмкін. Бұл формат саған ұнайма және "Астананың" Суперкубоктағы мүмкіндігін қалай бағалайсың?

- Шынымды айтсам, мен елдегі Суперкубокты осындай форматта өткізілуін алғаш рет көріп отырмын. Барлық матчтар қызықты болады деп ойлаймын. Біз "Шахтермен" ойнаймыз. Жеңіске жетіп,, финалға шығуға тырысамыз, содан кейін ойын әрі қарай жалғаса береді.

- "Астана" формасында жүріп, алдыңа қандай міндеттер қоясың?

- Мен "Астананың" алдына тек жоғары міндеттер қоятын, үлкен амбициялы клуб екенін білемін. Менің міндетім - әрбір матчқа шығып тұру және командаға чемпионатта да, еурокубокта да жеңіске жетуге, мәселелерді шешуге көмектесу. Бұл мен үшін де, команда үшін де өте маңызды.

- Командада қандай нөмірмен өнер көрсеткіңіз келеді?

- Мен үшін бұл өте маңызды мәселе емес. Бірақ мен құрамада 3 - нөмірде ойнаймын. Егер ол "Астанада" бос болса, бұл жерде де сол номерді алар едім.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу