Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина жұптық сында ұлыбританиялық Эмма Радуканумен бірге Вашингтон (АҚШ) WTA 500 турнирінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бір сағат 35 минутқа созылған бәсекеде екеуі 5 эйспен бірге 8 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Мексикалық-индонезиялық дуэт 4 брейкпен (7 брейк-пойнт) ерекшеленді.
Елена Рыбакина – Эмма Радукану финалға шығу үшін қытайлық Чжан Шуай – америкалық Тэйлор Таунсендпен таласады.
Сонымен қатар Е.Рыбакинаның жекелей сында ширек финалдағы қарсыласы анықталды. Әлемнің 24-ракеткасы, Польша өкілі Магдалена Френх 45 жастағы америкалық Винус Уильямсті 6:2, 6:2 есебімен ұтты.