Велошабандоздардан үміт бар

2562

Қазақстандық велошабандоздар Гонконгте өткен Әлем кубогінің үшінші кезеңінде өнер көрсетті. 

Велошабандоздардан үміт бар

29-қараша мен 1-желтоқсан аралығында Гонконгте Әлем кубогінің 3-кезеңі өтті. Естеріңізге сала кетсек, рейтингтік турнирге құрама атынан алты спортшы - Артем Захаров, Әлішер Жұмақан, Павел Воржев, Рината Сұлтанова, Андрей Чугай және Сергей Пономаревтар қатысты. Гонконгтегі Әлем кубогінде жоғары нәтиже көрсеткен Рината Сұлтанова омниум сайысы бойынша 9-орынға ие болды. Қазақстанның велоспорт тарихында бұл көрсеткіш әлемдік біріншіліктердегі әйелдер арасындағы жарыста қол жеткізген ең үздік нәтиже болып саналады. Ал скретч сайысы бойынша Рината Сұлтанова 19-орынға ие болды.
Омниум сайысы бойынша Артем Захаров Токиода өтетін Олимпиада ойындарына жолдама үшін тағы 160 ұпай жинап, жалпы есепте 14-сатыға жайғасты. Келесі, яғни Әлем кубогінің 4-кезеңі Аустралияда Кембридж қаласында 2019-жылдың 6-8 желтоқсан аралығында өтеді. 

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу