Велоспорттан Қазақстан командасы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

602

Алматыда Азия біріншілігі басталды. 

Велоспорттан Қазақстан командасы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды Фото: prosports.kz

Біздің спортшылар аралас командалық эстафетада топ жарды. Шабандоздар 40 шақырым қашықтықты бағындырды (20 ер және 20 әйел). Нәтижесінде турнир қожайындары үздік нәтиже көрсетіп, алтыннан алқа тақты. Бұл бәсекеде ел намысын Рината Султанова, Евгений Федоров, Дмитрий Груздев, Игорь Чжан, Махаббат Үмітжанова, Фаина Потаповалар қорғады. Екінші орынды Өзбекстан, үшінші орынды Гонконг командалары иеленді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматыда өтіп жатқан Азия чемпионатының аралас эстафетадан үздік үштігі:

1.Қазақстан – қортытынды уақыт: 51:08

Өзбекстан – қортытынды уақыт: 52:38

3.Гонконг – қортытынды уақыт: 53:15

Айта кетейік, тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионатындағы жарыстың басталу қарсаңында Азия велоспорт конфедерациясының басқару комитетінің өкілдері мен Қазақстан велоспорт федерациясының өкілдерінің қатысумен жиын өтіп, бірқатар маңызды мәселелерді талқыланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу