Велоспорттың дамуына үлес қосқандары үшін екі аймаққа автокөлік табысталды

2948

Өткен маусымда маңызды жетістіктерге қол жеткізген аймақтарға автокөлік кілттерін табыстау ерекше оқиға болды.

Велоспорттың дамуына үлес қосқандары үшін екі аймаққа автокөлік табысталды

2004 жылдан бері команда алғаш рет тас жолдағы велоспорттан үш жолдама жеңіп алды. Ал қалған дисциплиналар бойынша Токиода өтетін Олимпидаға жолдама алу үшін талас жалғасуда.

2019 жылы спринтерлік сайыстар бойынша  тректен Сергей Пономарев үздік деп танылды. Темптік сайыс бойынша Артем Захаров марапатталды. Ал әйелдер арасында тректің темптік түрі бойынша Рината Султанова үздік атанды.

Тас жолдағы велоспроттан маусым қорытындысы бойынша Алексей Луценко мен Светлана Пащенко, ал маунтинбайктен  Шакир Адилов  үздік нәтиже көрсетті.

Өткен маусымда маңызды жетістіктерге қол жеткізген аймақтарға автокөлік кілттерін табыстау ерекше оқиға болды. Astana Motors Тараз қаласындағы балалар мен жасөспірімдер мектебінің бөліміне және Алматы облысындағы велоспорт федерациясының бөліміне жарыстарды өте жоғары деңгейде ұйымдастырғандары үшін "Hyundai Accent" автокөлігі табысталды. Дәл осы автокөлік маркасы болашақта велоспортты дамыту мақсатында Екібастұз қаласындағы велоспорт федерациясының бөліміне табысталды.

Ал іс-шара соңында әрбір аймаққа жасөспірімдерге арналған 70 дана "Vino Bike" велосипедтері тапсырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу