Венесуэла өзі құрған ұйымнан шығып кетуі мүмкін

Бұл туралы Bloomberg агенттігі жағдайдан хабардар дереккөздерге сілтеме жасап жазды.  

Венесуэла өзі құрған ұйымнан шығып кетуі мүмкін Фото: uza.uz

Ерекше айта кетерлігі, Венесуэла ОПЕК-ті құрған 5 мемлекеттің бірі саналады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Агенттік мәліметінше, бұл мәселе АҚШ өкілдерімен келіссөздер барысында талқыланған. Десе де, әзірге түпкілікті шешім қабылданбады. 

Bloomberg-тің жазуынша, Венесуэланың ОПЕК құрамынан шығуы елге мұнай өндіру көлемін арттыруға жол ашуы мүмкін. Себебі, ұйымнан шыққан жағдайда Каракас мұнай өндірісіне қойылған шектеулерден босайды. 

Ал АҚШ үшін бұл Венесуэлада мұнай саласындағы жоспарларын белсендірек жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қазір Вашингтон Венесуэладағы мұнай кен орындарының ірі үлесін сатып алу мәселесі бойынша келіссөз жүргізіп жатыр.

Бұл жағдай 2026 жылдың басында АҚШ Венесуэла президенті Николас Мадуроны ұстап, кейін оның Нью-Йоркте сотқа тартылуынан соң мүмкін болып отыр.

Bloomberg бұған дейін мамыр айында мұнай экспорттаушы ірі елдердің бірі Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шыққанын еске салады. Ал маусымда Ирак та ұйымнан шығу мүмкіндігін қарастырып жатқанын мәлімдеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу