Қырғыз күресінен 100 келіден жоғары салмақ дәрежесінде ҚР ІІМ “Арлан” спорт клубының мүшесі, Ақмола облысы ПД ЖҚАЖ инспекторы Алмас Жұмағали II орын иеленіп, күміс жүлдеге қол жеткізді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Аталған салмақ дәрежесінде 31 мемлекеттің спортшылары бақ сынады. Алмас Жұмағали жарыс барысында бес белдесу өткізіп, қарсыластарының барлығын жеңіп, финалға дейін жетті. Нәтижесінде ол жарыстың күміс жүлдегері атанды.
Қазақстан полицейінің бұл жетістігі – ел құрамасының халықаралық аренадағы жоғары нәтижелерінің бірі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу