VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына әлемнің 90-нан астам елінен қатысушылар келеді деп күтілуде.
Қазіргі таңда 60-тан астам мемлекет өз қатысуын ресми түрде растаған, тағы 30 шақты елмен келісу үдерісі жүріп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Министр Мирбек Мамбеталиевтің айтуынша, World Nomad Games халықаралық деңгейде үлкен қызығушылық тудырып келеді. Бұған дейін Астанада өткен ойындарға шамамен 86 ел қатысып, рекордтық көрсеткіш тіркелген болатын.
Министр биылғы ойындардың ЮНЕСКО қамқорлығына алынғанын да атап өтті. Бұл шешім шараның халықаралық беделін арттыра түскен.
– Бұл – Қырғызстан үшін әлемдік аренада өзін танытып, көшпенді өркениеттің бай мұрасын көрсетуге берілетін мүмкіндік, – деді М.Мамбеталиев.
VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында Қырғызстанда өтеді.