Қазақстанда VI қысқы Спартакиада басталады

777

8 ақпан - 13 сәуір аралығында Өскемен, Алматы, Риддер, Щучинск қалалары мен Алматы облысында VI қысқы Спартакиада өткізіледі. 

Қазақстанда VI қысқы Спартакиада басталады Фото: olympic.kz

Төрт жылда бір мәрте ұйымдастырылатын қысқы Спартакиаданың алғашқы жарысы 8 ақпан күні Өскемен қаласында шайбалы хоккейден ерлер бәсекесімен басталады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жарыстың мақсаты – Олимпиаданың алдында спорт түрлері бойынша ұлттық құраманы іріктеу. Бәсекеге 17 облыс пен 3 мегаполис спортшылары қатысады деп күтілуде.

3 айға жалғасатын қысқы спорт ойындарында спортшыларымыз шайбалы хоккей (ерлер), шайбалы хоккей (әйелдер), шаңғы қоссайысы, шаңғымен тұғырдан секіру, фристайл-акробатика, фристайл-могул, сноуборд, тау шаңғысы, керлинг, шаңғы, шорт-трек, биатлон, конькимен жүгіру, мәнерлеп сырғанау түрлері бойынша сынға түседі.

Жарыс кестесі:

  • Шайбалы хоккей (ерлер) – 8-15 ақпан (Өскемен қ.)
  • Шаңғы қоссайысы – 17-23 ақпан (Алматы қ.)
  • Шаңғымен тұғырдан секіру – 17-23 ақпан (Алматы қ.)
  • Фристайл (акробатика) – 2-6 наурыз (Алматы қ.)
  • Сноуборд – 10-14 наурыз (ШҚО, Риддер қ.)
  • Тау шаңғысы – 10-18 наурыз (ШҚО, Риддер қ.)
  • Керлинг (ерлер, әйелдер, аралас жұп, аралас командалық сайыс) – 14 наурыз - 13 сәуір (Алматы облысы
  • Шаңғы жарысы – 17-25 наурыз (Ақмола обл, Щучинск қ.)
  • Шорт-трек – 20-24 наурыз (Астана қ.)
  • Биатлон – 24 наурыз - 4 сәуір (Щучинск қ.)
  • Конькимен жүгіру – 25-28 наурыз (Астана қ.)
  • Фристайл (могул) – 26-30 наурыз (Шымбұлақ тау-шаңғы курорты)
  • Шайбалы хоккей (әйелдер) – 26 наурыз - 1 сәуір (Өскемен қ.)
  • Мәнерлеп сырғанау – 7-12 сәуір (Өскемен қ.)
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу