Виктор Друзин әртістік жүзуден Әлем кубогы кезеңінің қола жүлдегері атанды

115

Қазіргі таңда Парижде (Франция) әртістік жүзуден Әлем кубогының екінші кезеңі өтіп жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Виктор Друзин әртістік жүзуден Әлем кубогы кезеңінің қола жүлдегері атанды Фото: olympic.kz

Әлемдік додада Қазақстан құрамасы алғашқы медалін жеңіп алды.

Техникалық бағдарламада Виктор Друзин 226.6050 ұпай жинап, қола жүлдегер атанды.

1-орынды 245.4900 ұпаймен Қытай өкілі Го Муе иеленді. Ал Ұлыбритания спортшысы Ранджуо Томблин 238.9359 ұпай жинап, күміс жүлдеге қол жеткізді.

Тағы бір қазақстандық спортшы Эдуард Ким 225.3225 ұпаймен 4-орын алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу