Виктор Друзин әртістік жүзуден Әлем кубогы кезеңінің қола жүлдегері атанды

76

Алғашқы жарыс күнінде Виктор Друзин ұлттық құрама қоржынына қола медальді салды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Виктор Друзин әртістік жүзуден Әлем кубогы кезеңінің қола жүлдегері атанды Фото: olympic.kz

Қытайдың Сиань қаласында әртістік жүзуден Әлем кубогының кезеңі басталды. Отандасымыз техникалық соло бағдарламасында 232.5350 ұпай жинап, үшінші орын алды.

Дәл осы сайыста Алдияр Рамазанов жүлдеге бір қадам жетпей, төртінші сатыға тұрақтады. Ұлыбритания өкілі Ранджуо Томблин алтын медаль жеңіп алды - 245.6850. Екінші орынға қытайлық Муе Го жайғасты – 245.2684.

Айта кетейік, байрақты бәсеке 3 мамырға дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу