Виктория Графеева бокстан Бразилиядағы Әлем кубогында алтын медаль жеңіп алды

150

Қазақстан құрамасы бокстан Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде алғашқы алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Виктория Графеева бокстан Бразилиядағы Әлем кубогында алтын медаль жеңіп алды

60 келіге дейінгі салмақта Виктория Графеева үздік атанып, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.

Финалда қазақстандық боксшы бразилиялық Ребекка Сантоспен кездесіп, төрешілердің шешімімен 4:1 есебімен басым түсті.

Айта кетейік, финалда сондай-ақ, қазақстандық спортшылар Аида Әбікеева (65 келіге дейін), Валерия Аксенова (80 келіден жоғары) және Сұлтанбек Айбарұлы (85 келіге дейін) өнер көрсетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу