Мадридтік клуб қарымта кездесуде "Манчестер Ситиді" 2:1 есебімен жеңіп, екі ойынның қорытындысы бойынша 5:1 нәтижесімен келесі кезеңге сенімді өтті.
Ойын тартысты басталып, алғашқы минуттардан-ақ қос команда бір-бірінің қақпасына қауіп төндірді. Кездесудің бетбұрыс сәті 20-минутта тіркелді, Бернарду Силва қызыл қағаз алып, алаң иелері азшылықта қалды.
Сол мүмкіндікті тиімді пайдаланған "Реал" араға 2 минут салып есеп ашты. Винисиус Жуниор пенальтиден мүлт кетпей, командасын алға шығарды.
Алайда "Сити" тез ес жия білді. Бірінші таймның соңына қарай Эрлинг Холанд таразы басын теңестіріп, матчқа қайта интрига қосты.
Екінші таймда ағылшын клубы басымдық танытуға тырысқанымен, "Реал" өзіне тән қарсы шабуыл тактикасына сүйенді. Нәтижесінде, шешуші сәт ойынның соңында орын алды. Қосымша уақытта Винисиус тағы 1 гол соғып, дубль авторы атанды. Бұл гол матчтың тағдырын шешіп, "Реал Мадридке" жеңіс сыйлады.
Айта кетейік, кездесуде Килиан Мбаппе екінші таймда алаңға шығып, ұзақ үзілістен кейін ойынға қайта қосылды.
Енді мадридтік клуб Чемпиондар лигасының ширек финалында өнер көрсетеді. Ал турнирдің финалы 2026 жылдың 30 мамырында Будапешттегі "Пушкаш Аренада" өтеді.