Виртуалды Гагарин Кубогі уфалықтарға бұйырды

1772

"Салават Юлаев" хоккей клубы виртуалды Гагарин Кубогінің жеңімпазы атанды.

Виртуалды Гагарин Кубогі уфалықтарға бұйырды

Естеріңізге сала кетсек, Құрлықтық Хоккей Лигасы биылғы жылғы Гагарин Кубогінің ойындарын коронавирус пандемиясына байланысты уақытынан бұрын аяқтаған болатын. Плей-офф ойындары ширек финалға жеткенде тоқтатылды. Себебі ең алдымен финляндиялық "Йокерит", кейін "Барыс" та жарысқа одан әрі қатыса алмайтындығын хабарлады. Көп ұзамай ҚХЛ-ның басшылығы ойындардың одан әрі өтпейтінін мәлімдеді. Оның орнына Лига ширек финалға жолдама алған сегіз команданың жанкүйерлері арасында виртуалды Гагарин Кубогін ұйымдастырды.

Виртуалды сайыс барысында жанкүйерлер өздерінің сүйікті командаларына  "ВКонтакте", "Одноклассники", Instagram және Twitter әлеуметтік желілері арқылы дауыс берді. Қазақстандық "Барыс" хоккей клубы сериядағы ойында новосібірлік "Сібірге" 4:0 есебімен ұтылды. Алғашқы екі ойында елордалық команда екі мәрте заңсыз дауыс жинады деп ұйымдастыру комитеті жалпы жиналған дауыстың 50 пайызын қысқартып тастады.

Ал, енді финалға келер болсақ, финляндиялық "Йокерит" пен уфалық "Салават Юлаев" жанкүйерлері өзара сынға түсті. 18-сәуір күні серияда 3:0 есебімен СЮ алда келе жатқан. Финалдағы 4-ойында 44 мың 314 дауыс жинаған уфалықтар 20 мың 968 дауыс жинаған "Йокеритті" айқын басымдылықпен ұтты. Нәтижесінде сериядағы кездесу 4:0 есебімен аяқталып, "Салават Юлаев" виртуалды Гагарин кубогінің жеңімпазы атанды.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу