Виза мәселесіне байланысты қазақстандық спортшы Гран-при жарысына қатыса алмайтын болды

79

Осыдан бірер күн бұрын Самоделкина Жапонияда күміс медальға қол жеткізді. 

Виза мәселесіне байланысты қазақстандық спортшы Гран-при жарысына қатыса алмайтын болды

Бұған дейін Ресей атынан өнер көрсеткен қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина виза мәселесіне байланысты 22–23 қарашада Финляндия астанасы Хельсинкиде өтетін Гран-при кезеңіне қатыса алмайды. 

Бельгиялық спортшы Нина Пинзарро жарысқа қатыса алмайтындықтан, резервтегі спортшылар арасында рейтингте бірінші орында тұрған Софьяға шақырту келді. Өкінішке қарай, Софьяның елге (Финляндия) кіру үшін қажетті рұқсат қағазы уақытында алынбады.

Самоделкина Гран-при кезеңінде жоғары нәтиже көрсеткен жағдайда Жапонияда өтетін финалда өнер көрсету мүмкіндігіне ие болар еді. Бұған дейін ол Жапониядағы Гран-при кезеңінде күміс медаль жеңіп, екі бағдарлама бойынша 200 ұпай жинаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу