Кеше АҚШ пен Украина сирек кездесетін пайдалы қазбаларды бірлесіп өндіру бойынша келісімге қол қоюы керек болатын, деп жазады inbusiness.kz сайты BBC басылымына сілтеме жасап.
Алайда Ақ үйдегі кездесуде Зеленский мен Трамп жұрттың көзінше дауласып қалды.
Владимир Зеленский: Сөйлеуіме болады ма?
Дональд Трамп: Сіз онсыз да көп сөйледіңіз!
...
Дональд Трамп: Біздің "ақымақ" Президентіміз сізге 350 миллиард доллар берді. Әскери техника жеткіздік. Егер сол техникалар болмаса, соғыс 2 аптада аяқталушы еді.
Вице-президент Джей Ди Вэнс Владимир Зеленскийді "АҚШ-қа құрметсіздік көрсетті" деп сынады.
Дональд Трамп: "Мен атысты тоқтатқым келмейді, мен атысты тоқтатқым келмейді" дейсіз. "Ананы қалаймын, мынаны қалаймын" деуге хақыларыңыз жоқ. Атысты дәл қазір тоқтатуға болады.
Трамп егер Украина келісімнен бас тартса, АҚШ әрі қарай араласпайтынын жеткізді.
Джей Ди Вэнс: Соғысты тоқтатуға тырысып жатқан Президентке алғыс айтуыңыз керек! Сіздің әскеріңіз бітуге таяу...
Владимир Зеленский: Мұхиттың арғы жағында отырып, бізде не болып жатқанын толық білмейсіздер.
...
Дональд Трамп: Сіздің қолыңызда қандай да бір көзір жоқ.
Владимир Зеленский: Біз карта ойнап отырған жоқпыз...
Осыдан кейін Владимир Зеленский Ақ үйден асығыс шығып кетті.
Соңынан Дональд Трамп желіде жазба жариялап, "Зеленский бейбітшілікке дайын емес" деген пікір білдірді.