banner

Власов "Мон Ванту" тауын бағындырды

1232

"Астана" Про Тим шабандозы Александр Власов атақты "Мон Ванту" жарысында жеңімпаз атанды. 

Власов "Мон Ванту" тауын бағындырды

Бір күндік жарыс "Мон Ванту Челендж" додасына жақсы дайындықпен келген Александр Власов керемет жеңіс тіркеді. Ол командалық жұмыстың арқасында жарыс аяқталуға 4 шақырым қалғанда жақсы позицияда болды. Сосын, жеке дара алға шығып, басымдылықты ұлғайта берді. Велоспорт әлеміндегі аты аңызға айналған Мон Ванту биіктігін бағындырып, Власов "Астана" командасының абыройын асқақтатты. 

"Мен осы тауды бағындырғаныма, жарысты жеңгеніме дән ризамын. Тіпті бақыттымын десем де болады. Өзге шабандоздар шаршағандығын көргенімде, шабуылға шықтым. Артыма бір қарасам маған жармасқан ешкім қалмапты. Мен одан сайын сенімді қимылдап, бар күшімді соңғы метрлерге салдым. Командалас жігіттерге алғысымды айтқым келеді. Бұл ортақ жеңіс" дейді Александр Власов. 

Ресей чемпионы Александр Власов 179 шақырымдық жарыс жолын 4 сағат, 56 минут, 39 секундта басып өтті. "Астана" шабандозы аустралиялық Ричи Порттан 18 секунд озып кетсе, үшінші орын иеленген Гийом Мартеннен 59 секунд озып кетті. 

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу