Власов жалпы есепте он үздіктің қатарында

1376

7 шабандоздан құрылған көшбасшы топ пелотоннан алға озып, нәтижесінде Оренсе қаласында спринтте жеңіс үшін сынға түсті. "Астана Про Тим" командасының капитаны Александр Власов өте қиын асуда бабының тамаша екенін тағы бір дәлелдеп, мәреге көшбасшылардан 3 минут 44 секундтан кейін, жалпы есептің фавориттерімен бірге келді.

Власов жалпы есепте он үздіктің қатарында

"Біздің шабандоздар кезең басталғанда өте белсенділік танытып, алға озуға тырысты. Алғашқы топтарда Горка, Алекс Аранбуру болды.  Содан кейін Йон алға озуға талпынды. Бірақ, нәтижесінде қажетті топқа қосылу мүмкін болмады. Біз көшбасшылардың соңына түсуді ұйымдастыруға тырыстық. Бірақ пелотонда ауызбіршілік болмағандықтан, көшбасшылар мәреге жетті. Ертең бізді тағы бір кезең күтіп тұр. Өзімізді көрсету үшін әлі де мүмкіндігіміз бар", - деді "Астана Про Тимнің" спорттық менеджері Дмитрий Фофонов.

"Испания Вуэльтасының" 14-кезеңі Лугодан басталып, 204.7 шақырымнан кейін биіктігі бір шақырым болатын асудың шыңында аяқталды. Кезең басталысымен шабуылдар өте көп болды. Себебі шабандоздардың барлығы алға озуға тырысты. "Астана" командасының өкілдері де белсенді өнер көрсетіп, пелотоннан шабуылға шықты. Бірақ, нәтижесінде 7 шабандоз көш бастады. "Астана" командасы көшбасшыларды өз бақылауына алуға тырысты. Бірақ, нәтижесінде алға озған топ пелотонға ұстатпай, Тим Велленс жеңіске жетті. "Астана Про Тимнің" көшбасшысы Александр Власов бабының жақсы екенін көрсетті. Оренседегі финиште Власов алда болды. Ол кезеңді  қызыл жейде иегері Примож Рогличтің тобында, басқа фавориттермен бірге аяқтады.  

Кезең қорытындысы бойынша "Астана" капитаны бас классификацияда 9-орынды сақтап қалды.

15-кезең бүгін өтуде. Бұл биылғы жылғы "Испания Вуэльтасының" ең ұзақ кезеңі болайын деп тұр. Мос қаласынан басталатын жарыс жолы 230.8 шақырымнан кейін Пуэбла де Санабрияда аяқталады.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу