Осылайша, Жапонияның Аити префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында волейболдан әйелдер арасындағы топтық кезең аяқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің жазуынша, Қазақстан әйелдер құрамасы В тобындағы екінші кездесуін үш дүркін Олимпиада чемпионы Қытай құрамасына қарсы өткізген.
Ойын 0:3 (18:25, 6:25, 14:25) есебімен қарсыластардың пайдасына аяқталды.
Осыған дейін қазақстандық волейболшылар Филиппин құрамасын жеңіп, ширек финалға жолдама алған еді. Қытайға қарсы матч топтағы бірінші орын иегерін анықтады.
Ширек финалдық ойындар 20 қыркүйекте өтеді.
Ұлттық құрама сапында Айгүл Мүлкібаева, Жанна Сыроешкина, Ирина Кузнецова, Кристина Белова, Маргарита Бельченко, Мадина Бекет, Наталья Хазова, Перизат Нұрбергенова, Полина Уфимцева, Татьяна Никитина, Татьяна Яцкив және Юлия Фоменко ел намысын қорғап жатыр.