Вучич Сербиядағы сайлауда өз альянсының жеңілгенін мойындады

169

Дауыс берудің соңғы қорытындысы әлі шыққан жоқ.

Вучич Сербиядағы сайлауда өз альянсының жеңілгенін мойындады Фото: VCG

Сербияның экс-президенті Александр Вучич мерзімінен бұрын өткен парламенттік сайлауда өзі басқарған "Александар Вучич – Біріккен Сербия" сайлау блогының жеңілгенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Report агенттігінің Балқан бюросы хабарлағандай, Вучич Серб прогрессивті партиясының сайлау штабында сөйлеген сөзінде дауыс берудің түпкілікті нәтижелері әлі белгісіз екенін, бірақ қолда бар мәліметтер өзінің блогы жеңіліске ұшырағанын көрсететінін атап өтті.

Оның айтуынша, "Студенттер тізімі" 135-140 депутаттық мандат алады, ал өзі басқаратын блок 105-ке жуық мандатқа ие болады деп күтілуде.

"Бізде әлі соңғы нәтижелер жоқ. "Студенттер тізімінің" жеңіске жеткенін хабарлаймын. Олар 135–140 мандат алады, ал бізде 105-ке жуық мандат", – деді Вучич.

Сондай-ақ парламентте Воеводина венгерлерінің одағы да өкілдік етеді. Вучич өзінің саяси блогы күресті әрі қарай жалғастыратынын, оппозицияның қандай екенін көрсететінін жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу