Вячеслав Грозный "Шахтер" бас бапкері

2350

Қарағандылық клуб украиналық танымал маман Вячеслав Грозныймен келісімге қол қойды.  

Вячеслав Грозный "Шахтер" бас бапкері

Қарағандылық "Шахтер" жаңа бапкерді көпшілікке таныстырды. Клуб басшысы Ерлан Оразаев 63-жастағы Вячеслав Грозныйдың 2020 жылы "Шахтер" бас бапкері болатынын хабарлады. Келісім-шарт 1 жылға лайықталған. Украиналық маман осыған дейін қазақстандық клубтарды баптағанын да білеміз. Ол қостанайдың "Тобылы" мен павлодардың "Ертісін" жаттықтырды. Ал соңғы баптаған командасы "Арсенал - Киев" болған. 

Вячеслав Викторұлы бас бапкердің көмекшісі ретінде Ресей чемпионатын 5 мәрте жеңген. Бұл маманның ең айтулы үлкен жетістігі. Ал жеке дара бас бапкер қызметінде ол Украинаның үздік бапкері атағын екі мәрте иеленген. Соңғысы сонау 2002 жылы еді. Сондай-ақ 1998 жылы Болгария чемпионатында үздік бапкер атаныпты. Міне, осыдан өзге іліп алар жетістігі жоқ бапкердің қайтадан қазақ футболына келуі көңілге қаяу түсіреді. Ел футболындағы жемқорлықтың жүйесін жақсы меңгерген украиналық маман "Шахтерді" үшпаққа шығарады деп айту қиын. Себебі, бұл маманның баптауымен "Тобыл" да, "Ертіс" те ешқандай жетістікке жетпеген еді. 

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу