WBC Головкинді "Күш патшасы" атағына ұсынды

4832

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) өз твиттерінде жанкүйерлерге орта дивизион бойынша бокс тарихындағы ең күшті панчерді анықтауды ұсынып, қазақстандық боксшылар арасынан Геннадий Головкинді үміткер ретінде таңдап алды.

WBC  Головкинді "Күш патшасы" атағына ұсынды

Панчер дегеніміз дәлдік пен мықтылықтың арқасында бір немесе бірнеше соққылардан кейін-ақ жекпе-жектің тағдырын шешетін боксшы. WBС твиттердегі өз оқырмандарына бірнеше үміткерлердің арасынан ең мықтыны анықтауды ұсынды. Олардың арасында орта салмақ бойынша екі дүркін Әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин, сонымен қатар америкалық боксшылардан Томас Хирнс, Айрен Баркли, Марвин Хаглер, мексикалық Сауль Канело Альварес және аргентиналық Карлос Монсон бар.

GGG-дің бәсекелестерінің тізімі мұнымен бітпейді. Өйткені WBC аталған алты үміткерден бөлек бұл тізімге өздерінің ұсыныстары бойынша жанкүйерлерге тағы да басқа боксшыларды қосуға шақырды.

Геннадий Головкиннің бұл номинация бойынша жеңіске жету мүмкіндігі өте жоғары. Себебі жанкүйерлерінің ойынша GGG нағыз панчер. Ол әуесқой рингте барлығы 350 кездесу өткізіп, оның 345 жеңіспен аяқтаған. Оның көптеген қарсыластарының айтуы бойынша GGG-дің соққысы жойқын. Орта салмақ бойынша Әлем чемпиондығына үміткер 31 жасар ұлыбританиялық Мэтью Маклин 2013-жылдың маусым айында қазақстандық боксшымен кездесті. Жекпе-жек барысында Головкин ұлыбританиялық боксшының сол жақ кеудесіне соққы бағыттап, сұлатып түсірді. Нәтижесінде, Мэтью Маклиннің екі қабырғасы сынған еді және сол соққылар оның әлі есінде. Маклин бұл тұрғыда мәселе ауыр физикалық күште емес, қазақстандық боксердің механикалық күшінде екенін атап өтті.

"Головиннің соққысы, әсіресе оның ішінде хуктары ұзақ әрі амплитудалы", - деді Маклин GGG-мен жекпе-жектен 1 жыл уақыт өткен соң. – Ол өте мықты әрі соңғы соққысы жойқын. Алшақ қашықтықты сақтай отырып, жұдырықтың астына алады".

Қалай болғанда да кәсіби рингте Головкин 42 кездесудің 35 мерзімінен бұрын аяқтаған. Оның басты қарсыласы Канело 56 жепе-жектің 36-да қарсыласын нокаутқа жіберген. Ал, жалпы бокс тарихында өткен ғасырда айтарлықтай жақсы нәтижеге Баркли қол жеткізген. Ол 63 кездесудің 27-де қарсыластарын нокаутқа жіберген.   Ең жоғарғы көрсеткіш 1963-1977 жылдар аралығында 100 кездесу өткізіп, оның 58 уақытынан бұрын аяқтаған Монсонға тиесілі. Алайда аргентиналық боксшы жанкүйерлердің есінде қалмаған болар. Сондықтан жанкүйерлер пікірі енді екіге, яғни Головкин мен Канело деп бөлінді.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу