Wildberries қоймаларындағы өрт: Министр қазақстандықтарға үндеу жасады

303

Нарықтағы жағдайды бақылау қажеттігі туралы айтылды.  

Wildberries қоймаларындағы өрт: Министр қазақстандықтарға үндеу жасады Фото: primeminister.kz

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Wildberries-ке қатысты туындаған мәселеге пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Министрдің сөзінше, кәсіпкерлер маркетплейс немесе сауда платформасын таңдағанда баға мен сапаның арақатынасын, жеткізу жылдамдығын ескерген жөн. Сондай-ақ ол отандық маркетплейстерді пайдалануға шақырды. Ықтимал тәуекелдерді алдын ала бағалау қажетігі туралы да айтылды.

"Бүгінде елімізде отандық маркетплейстердің үлесі жоғары. Сондықтан мүмкіндігінше өзіміздің онлайн сауда алаңдары арқылы тапсырыс беріп, уақытында әрі кепілді түрде жеткізілетін өнімді таңдаған жөн. Менің кеңесім қарапайым: сенім ұялататын маркетплейстерді таңдаңыз және нарықтағы жағдайды үнемі бақылап отырыңыз", – деді Арман Шаққалиев Үкімет отырысынан кейінгі брифингте.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу