World Athletics спортшыларды қолдау мақсатында қор құрды

2249

World Athletics коронавирус пандемиясына байланысты табысынан айырылған спортшыларға көмек көрсету мақсатында қор құрды.

World Athletics спортшыларды қолдау мақсатында қор құрды

Бүкіләлемдік жеңіл атлетика қауымдастығы Халықаралық жеңіл атлетика қорымен бірлесе отырып коронавирус пандемиясына байланысты қаржылық мәселе бойынша қиын жағдайға тап болған спортшыларды қолдау мақсатында жаңа қор құрып, 500000 АҚШ доллар мөлшерінде қаражат бөлді.

World Athletics президенті Себастьян Коэның айтуы бойынша соңғы бірнеше айда Әлемдегі төтенше жағдай өршігендіктен, халықаралық жарыстардың уақытша тоқтатылуына байланысты табысының көп бөлігін жоғалтқан спортшыларға қордағы қаражат көмек ретінде пайдаланылады.

Сонымен қатар Кое Дүниежүзілік жеңіл атлетика қауымдастығы арқылы алты аймаққа жіберілетін көмекке өтінімдерді бағалау жөніндегі сарапшы ретінде аймақаралық жұмыс тобын басқаратын болды. Олардың құрамына Олимпиада чемпионы және 1500 метр қашықтыққа жүгіруден Әлем рекордын жаңартқан  Хишам Эль Герруэ, Олимпиада чемпионы Катерина Стефаниди, World Athletics басқарма мүшелері Сунил Сабхарвал мен Эбби Хоффман, World Athletics-тің кеңес мүшелері Адиль Сумаривалла, Беатрис Айикору және Вилли Бэнкс, сондай-ақ атқарушы комитеттің мүшесі Хосе Мария Одриозола мүше болды.

Осы аптада жұмыс тобы жиналып, спортшыларға гранттарды бөлу процесін белгілейді және қорға қосымша қаражат жинаудың басқа да жолдарын қарастырады. Себастьян Коэ қазіргі жағдайда бұл спорт түрімен айналысатын спортшыларға қолдау көрсетудің аса маңызды екенін атап өтті.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу