World Boxing ресми түрде AIMS құрамына кірді

323

Бұл әлемдегі барлық бокс жанкүйерлері үшін жағымды жаңалық болып отыр. Енді World Boxing федерациясы AIMS мүшесі ретінде өз жұмысын әрі қарай жалғастырып, болашақта Олимпиада бағдарламасына енгізілу үшін маңызды қадамдар жасайтын болады.

World Boxing ресми түрде AIMS құрамына кірді Фото: canva

Лозанна қаласында тәуелсіз танылған спорт түрлері альянсы (AIMS) кезектен тыс онлайн-ассамблея өткізді. Бұл жиынның басты жаңалығы – Халықаралық World Boxing федерациясының ұйым қатарына ресми түрде қабылдануы болды.

World Boxing қалай AIMS мүшесі атанды?

World Boxing федерациясының AIMS құрамына кіруі бір күнде шешілген мәселе емес. Федерацияның өтінімі алдымен SportAccord Атқарушы комитетінің жан-жақты тексерісінен өтті. Одан кейін Мүшелік комиссиясында қаралды және сол комиссия World Boxing федерациясының барлық қажетті талаптарға сай екенін растады.

Кезең-кезеңімен жүргізілген бұл процесс SportAccord ұйымының оң қорытындысымен аяқталды. Осыдан соң, AIMS Кеңесі мен оның мүшелері World Boxing-ті өз қатарына қабылдау туралы шешімді мақұлдады. Осылайша, федерация AIMS спорт қауымдастығының толыққанды мүшесіне айналды.

Бұл қабылдау нені білдіреді?

AIMS құрамына кіру – World Boxing үшін аса маңызды қадам. Бұл тек мәртебе ғана емес, сонымен қатар Федерацияның халықаралық деңгейде мойындалуы мен беделінің артуына ықпал ететін маңызды кезең.

Сонымен қатар, AIMS-ке мүше болу – Халықаралық Олимпиадалық комитетінің (ХОК) тарапынан ресми түрде танылуды мақсат еткен ұйымдар үшін міндетті талап. Яғни, AIMS мүшесі болмайынша, ешбір ұйымның ХОК-қа ресми өтінім беру мүмкіндігі жоқ. Бұл World Boxing федерациясы үшін Олимпиада қозғалысына жақындаудың үлкен қадамы.

World Boxing-тің болашағы қандай?

Федерацияның AIMS-ке қосылуы оның болашақтағы дамуына жаңа серпін береді. Бұл қабылдау:

  •  World Boxing ұйымының халықаралық деңгейдегі беделін арттырады;
  •  Олимпиадалық спорт түріне айналу жолындағы маңызды зор;
  •  Ұйымға мүше елдер мен спортшылардың саны артады;
  •  Боксшыларға әлемдік аренада жаңа мүмкіндіктер ашады.

Бұл жаңалық әлемдегі барлық боксты қолдаушылар үшін жағымды жаңалық болып отыр. Енді World Boxing федерациясы AIMS мүшесі ретінде өз жұмысын әрі қарай жалғастырып, болашақта Олимпиада бағдарламасына енгізілу үшін маңызды қадамдар жасайтын болады.

World Boxing ұйымының құрылуы

World Boxing 2023 жылдың сәуір айында Халықаралық бокс қауымдастығына (IBA) балама ұйым ретінде құрылды. IBA басқарушылық және қаржылық ашықтық мәселелеріне байланысты ХОК тарапынан мойындау мәртебесінен айырылған болатын.

Құрылған сәттен бастап World Boxing өз құрамын белсенді түрде кеңейтіп, 2024 жылдың қараша айына қарай оның қатарына Қазақстанды қоса алғанда 55 ұлттық федерация кірді.

Қазақстанның World Boxing-ке қосылуы елдің халықаралық бокс аренасындағы позициясын нығайтып, өңірде бокс спортын одан әрі дамыту мен танымал етуге ықпал етеді.

Қазақстан бокс федерациясы халықаралық World Boxing ұйымының толыққанды мүшесі

2024 жылдың қараша айында Қазақстан бокс федерациясы халықаралық World Boxing ұйымының толыққанды мүшесі атанды. Бұл шешім АҚШ-тың Колорадо-Спрингс қаласында өткен World Boxing-тің жылдық конгресінде қабылданды.

Қазақстанның World Boxing-ке қосылуы стратегиялық маңызды қадам болды. Әсіресе боксты Олимпиада ойындарының бағдарламасында сақтау тұрғысынан. Ал, оған дейін 2024 жылдың қыркүйек айында танымал қазақстандық боксшы, Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин World Boxing Олимпиадалық комиссиясының төрағасы болып тағайындалған еді.

Бұл комиссияның басты мақсаты – ұйымның Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) тарапынан мойындалуын қамтамасыз ету және бокста адалдық, әділдік пен ашықтық сияқты олимпиадалық құндылықтарды ілгерілету.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу